Анықтама 2014-2015 оқу жылындағы жоспардың негізінде 24-29 қараша аралығында ҰБТ-ге дайындық және аралық байқау тест қорытындысына тексеру жүргізілді ,нәтижесінде төмендегіше болды.
Анықтама
2014-2015 оқу жылындағы жоспардың негізінде 24-29 қараша аралығында ҰБТ-ге дайындық және аралық байқау тест қорытындысына тексеру жүргізілді ,нәтижесінде төмендегіше болды.
Мек теп № | 11 сынып түлек тері нің саны | ҰБТ тапсырушы лар саны | Құжатталмаған оқушы лардың тізімі | Себептері | Тестілеу лер саны | Алғашқы және соңғы тестілеулердің орташа балы | Алтын белгі мен үздік аттестатқа үміткерлердің саны | Соңғы тестілеу дің қорытын дысы | ||||||||||||
АББ-де | Мектепте | Ана тілі | математика | Қазақстан тарихы | орыс тілі | таңдау пәні | ||||||||||||||
А | С | А | С | А C | А | С | А | С | А | С | ||||||||||
209 | 34 | 14 | 41.2 % | 3 | жасы толмаған | 2 | 9 | 16,8 | 16,2 | 10,5 | 8,5 | 14,3 | 13 | 12,7 | 11,2 | Физ-2-11,5 Биол-6-13,7 Англ-1-12 Геог-2-10,5 Әдеб-1-20 | Физ-4-9,2 Биол-6-14,5 Геогр-2-17,4 Әдеб-1-14 Англ-1-17 | 0 | 67,3 | 62,5 |
5 –i пән б/ша | ||||||||||||||||||||
13,2 | 13,6 | |||||||||||||||||||
Тексеру мағынасы
- Нормативтік база (қосымша №1).-Бар
- Алдын ала тестілеулердің кестесі болуы қажет.-бар
- Кестенің орындалуын бақылау формасы (тестілеу материалдарының болуы, оның қорытындыларының мәліметтері, тестіленушілерді тіркеу мен т.б.)-бар
- Тестілеу материалдарының бар болуы ( ҰБТ базасы, жинақтар, мектеп тесттері мен т.б).-бар
- Тестілеу қорытындылары бойынша туындаған кемшіліктерді жою жөніндегі жұмыстар жүйесі ( тақырыптық кеңес берулер, жеке дара тапсырмалар, қателерді талдау, кемшіліктерді талдау қорытындылары).-бар
- ҰБТ өткізу бойынша ата – аналар жиналыстарының хаттамалары.-бар
- ҰБТ-ға дайындық жөніндегі мәселелер талқыланған кеңестердің, педкеңестердің, жоспарлы отырыстардың хаттамалары.-бар
- ҰБТ -ға дайындық бойынша стендттің болуы.-бар
- Түлектердің, ата – аналарының ҰБТ ережелерімен таныстырылған, қолдары қойылған хаттамалары.-бар
- Бас тарту себептері көрсетілген ҰБТ-ға қатыспаушылар тізімі.және өтініштері-бар
- Бас тарту себептерін анықтау жөнінде қатыспаушылармен әңгіме өткізу және сауалнама алу-бар
- Кемінде 50 балл жинаған түлектермен әңгіме өткізу.-бар
- ҰБТ-ң деректер базасына тізім енгізілді,қателермен жұмыс жасалды.
- Бітірушілердің байланыс телефондары мен электронды байланыстары алынып тізімі жасалды.
15.Оқу жылы басында директордың 2014 жылғы 2 қыркүйекте №73-3 бұйрығы шығарылған.
16.ҰБТ-ге дайындық кестесі жасалып,әр пән бойынша күнімен уақыты көрсетілген пән мұғалімдері бекітілген және дирекция мүшелерінен әр пәнге жауапты қызметкерлер белгіленген.
№ 1 қосымша
Барлық құжаттардың қосымша хаттары болуы керек және олар қазақ пен орыс тілдерінде болуы тиіс | Бұйрық № болуы | Ескерту |
- ҚР БҒМ 18.03.2008ж № 125 бұйрығы ( Типтік ережелерді бекіту туралы.....) | бар | Басшылққа алып жұмыс жасау |
- ҚР БҒМ 03.04.2013ж. № 115 бұйрығы (Нұсқаулықты бекіту туралы...) | бар | Басшылққа алып жұмыс жасау |
- ҚР БҒМ 20.01.2009ж. №14 ( өзгерістер мен толықтырулар енгізілген БҒМ 18.03.08ж № 125 бұйрығы) | бар | Басшылққа алып жұмыс жасау |
- ҚР БҒМ 16.03.2009ж. №110 ( өзгерістер мен толықтырулар енгізілген БҒМ 14.04.08ж № 193 бұйрығы) | бар | Басшылққа алып жұмыс жасау |
-2014 жылы ҰБТ ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Нұсқаулық (ҚР БҒМ 2013ж. № 111 | бар | 2014 жылғы ҰБТ-ң форматының өзгерістерін басшылыққа алу |
-Бастапқы, негізгі орта, жалпы орта білімдік оқу бағдарламаларын іске асырушы білім беру ұйымдарындағы оқушылардың үлгерімін, аралық және қорытынды аттестацияларын ағымдағы бақылуының Типтік ережелері ( өзгерістер мен толықтырулар енгізілген БҒМ 20.01.2009ж № 14 бұйрығы) | бар | Басшылққа алып жұмыс жасау |
- 2014 жылы ұлттық біріңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Нұсқаулық (ҚР БҒМ 16.03.09ж. № 110 бұйрығы) | бар | Басшылққа алып жұмыс жасау |
- 2014 жылы ұлттық біріңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөнінде мектептік іс -шаралар (мектеп директоры қай уақытта бекіткен) | 2.09.2014 | Басшылққа алып жұмыс жасау |
- Мектеп бойынша бұйрықтар (егер бар болатын болса) | 02.09.2014 ж №73-3 | Басшылққа алып жұмыс жасау |
29.11.2014 ж Тексеруші: Ш.Сапаров
Жалпы орта білімі туралы «Алтын белгі»
аттестатын алу үшін құжаттарды ресімдеу жөніндегі
жадуал
- Жеке файлдағы құжаттардың тәртібі:
- Алғашқы беті
- Жеке кәулігі
- Ұсынылған құжаттардың тізімі
- Оқушының ауысуы, аяқтауы мен қорытынды аттестациясы туралы педагогикалық кеңестің көшірмесі
- Оқушының 5 сыныптағы үлгерім табелі
(дене шынықтыру сабағынан босатылуы жөнінде ДКК анықтамасы)
- Мақтау қағазы (5 сынып)
Бұдан әрі осындай тәртіпте – 6,7,8 сыныптардың құжаттары.
9 сынып бойынша:
- Оқушының ауысуы, оқуды аяқтауы мен қорытынды аттестациясы туралы педагогикалық кеңестің көшірмесі (білім беру бөлімінің алдында үздік негізгі орта білімі туралы куәлік табыстау туралы қолдау білдіру)
- Үздік негізгі орта білімі туралы куәлігі (сыртқы қаттамасынсыз).
10 сынып бойынша:
- Оқушының ауысуы, оқуды аяқтауы мен қорытынды аттестациясы туралы педагогикалық кеңестің көшірмесі
- Оқушының 10 сыныптағы үлгерімі туралы (ДКК анықтамасы бар болған жағдайда – дене шынықтыру сабағынан босатылуы туралы педагогикалық кеңес хаттамасының көшірмесі)
- Мақтау қағазы (10 сынып)
11 сынып бойынша:
- Оқушының ауысуы, оқуды аяқтауы мен қорытынды аттестациясы туралы педагогикалық кеңестің көшірмесі (білім беру бөлімінің алдында жалпы орта білімі туралы «Алтын белгі» аттестатын беру туралы қолдау білдіру жөнінде)
- Оқушының 11 сыныптағы үлгерімі туралы табелі ( 4 тоқсан мен жылдық бағалары болуы тиіс)
Мынаған назар аударыңыздар:
- Тізімдегі, көшірмелердегі, құжаттардағы күндердің көрсетілу сәйкестігі.
- Құжаттар түпнұсқасында болуы тиіс.
- Білімі туралы құжаттарда және Мақтау қағаздарындағы жазулардың анық болуы.
- Мақтау қағазындағы нөмірмен Мақтау қағаздарын беру Кітабындағы нөмірлердің сәйкес келуі (оқушы әкесінің есіміне көңіл аудару қажет).
- Бір түсті сиямен толтыру.
- Қателер жіберілмейді, факультативтік курстар үшін бағалар қойылмайды.
- Оқушылар үлгерімі табельдерінің ресімделуі: табель № тіркеу табельдерді тіркеу кітабында;
«Педагогикалық кеңестің қаулысы»: Емтихансыз _________ сыныпқа ауыстырылды. Мақтау қағазымен марапатталды ( _______ жылғы №__ хаттама).
9 сыныпта: Негізгі мектеп курсын аяқтады. 11 сыныпта тіркеу жасалмайды.
Хаттаманың көшірмесінің үлгісі
№______ орта мектебінің
№______педагогикалық кеңесі хаттамасының
көшірмесі
Күн тәртібі
- Оқушылардың ауысуы, қорытынды аттестациясы мен мектепті аяқтау туралы.
- Оқушыларды Мақтау қағаздары мен Мақтау грамоталарымен марапаттау туралы.
ТЫҢДАЛДЫ:_______________, сынып жетекшісі. (Ары қарай қысқаша үміткер туралы).
2003, 2004 жылдардағы қаулыларда:
ҚАУЛЫ қабылданды: Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы оқушылардың ауысуы, қорытынды аттестациясы мен мектепті аяқтау тәртібі туралы Нұсқаулағының (ҚР БҒМ-нің 2000 жылғы 15 ақпандағы № 124 бұйрығы) негізінде (аты –жөні) ______ сыныпқа ауыстырылып және Мақтау қағазымен марапатталсын.
Төраға:
Хатшы: (тегі, аты – жөні жазылады)
Мектеп директоры (әрбір көшірмедегі директордың қолы мөрмен расталады)
2007 жылғы педкеңестің қаулысындағы «9 сынып оқушыларының негізгі орта білім курстары үшін мемлекеттік қорытынды аттестациясының нәтижелері туралы» мәселесі бойынша:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі № 481 бұйрығымен бекітілген, білім беру ұйымдарындағы оқушылардың үлгерімін, аралық және мемлекеттік қорытынды аттестацияларының ағымдағы бақылауын өткізу Ережелерінің негізінде, Жаңақорған аудандық білім беру бөлімінің алдында үміткерге (аты –жөні) үздік негізгі орта білімі туралы куәлік беру жөнінде қолдау білдіру.
2010 жылғы педкеңестің қаулысында:
ҚАУЛЫ қабылданды: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрықтарымен бекітілген, бастапқы, негізгі орта, жалпы орта білім берудің оқу бағдарламалдарын іске асырушы білім беру ұйымдарындағы оқушылардың үлгерімін, аралық және мемлекеттік қорытынды аттестацияларының ағымдағы бақылауын өткізудің Типтік ережелерінің негізінде (аты –жөні) ______ сыныпқа ауыстырылсын және Мақтау қағазымен марапатталсын.
Педкеңестің қаулысындағы «11 сынып оқушыларының жалпы орта білім курстары үшін мемлекеттік қорытынды аттестациясының нәтижелері туралы» мәселесі бойынша:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрықтарымен (толықтырулар мен өзгерістер енгізілген 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 14 бұйрығы) бекітілген, бастапқы, негізгі орта, жалпы орта білім берудің оқу бағдарламалдарын іске асырушы білім беру ұйымдарындағы оқушылардың үлгерімін, аралық және мемлекеттік қорытынды аттестацияларының ағымдағы бақылауын өткізудің Типтік ережелерінің негізінде Жаңақорған аудандық білім беру бөлімінің алдында үміткерге (аты –жөні) жалпы орта білімі туралы «Алтын белгі» аттестаты мен үздік жалпы орта білім туралы аттестат беру жөнінде қолдау білдіру.
Анықтама
2014-2015 оқу жылындағы жоспардың негізінде 2015 жылғы 12-17 қаңтар аралығында ҰБТ-ге дайындық және аралық байқау тест қорытындысына тексеру жүргізілді ,нәтижесінде төмендегіше болды.
2014-2015 оқу жылында мектеп бітіруші 34 оқушы ,оның 15 оқушысы Ұлттық Бірыңғай Тестілеу қатысуға өтініш берді.Жыл басында ата-аналар жиналысы болып оңда ҰБТ-ң ережесімен таныстырылды.Жалпы ҰБТ-ге дайындық аптаның бес күніне әр пәнге бөлініп кестесі жасалған,пән мұғалімдері дайындыққты уақытылы жүргізіп келеді.Бірақ оқушылардың дайындыққа қатысуы төменгі дәрежеде болып отыр.Жыл басынан бері төрт рет ана-аналар мен оқушыларды және дирекция мүшелерін қатыстыра отырып жиналыс болды.Былтырғы нәтижемен салыстырмалы түрде алынған байқау сынақ тестілері төменгі көрсеткіш көрсетіп келеді.
Қорытынды: 1.ҰБТ-ге дайындық барысы төменгі деңгейде (оқушылардың)
2.Сынып жетекшілері оқушылардың қатысуын қадағаламайды.
3.Ата-ана тарапынан оқушылардың дайындығын қадағалау жоқ.
Ұсыныс:1.ҰБТ-ге дайындық барысы күшейтілсе
2.Сынып жетекшілері тарапынан оқушылардың қатысуын бақылауда ұстаса
3.Ата-анамен байланыс күшейтіліп жұмыстар жүргізілсе
Дайындаған: Ш.Сапаров
17.01.2015 жыл
Анықтама
2014-2015 оқу жылындағы жоспардың негізінде 2015 жылғы 26-30 наурыз аралығында ҰБТ-ге дайындық және аралық байқау тест қорытындысына тексеру жүргізілді ,нәтижесінде төмендегіше болды.
2014-2015 оқу жылында мектеп бітіруші 34 оқушы ,оның 14 оқушысы Ұлттық Бірыңғай Тестілеу қатысуға өтініш берді.Жыл басында ата-аналар жиналысы болып оңда ҰБТ-ң ережесімен таныстырылды.Жалпы ҰБТ-ге дайындық аптаның бес күніне әр пәнге бөлініп кестесі жасалған,пән мұғалімдері дайындықты уақытылы жүргізіп келеді.Бірақ оқушылардың дайындыққа қатысуы төменгі дәрежеде болып отыр.Себебі осы кезге дейінгі алынған тест нәтижелері көрсетіп отыр.Аудандық білім бөлімі тарапынан ай сайын тегін кітап беріліп сынама тест алынып,білім бөілімінің кеңесінде талқыланды.Біздің мектеп әледе болса төменгі дәрежеде екенін байқатты.Жыл басынан бері алты рет ана-аналар мен оқушыларды және дирекция мүшелерін қатыстыра отырып жиналыс болды.Былтырғы нәтижемен салыстырмалы түрде алынған байқау сынақ тестілері төменгі көрсеткіш көрсетіп келеді.Пән мұғалімдері өздері міндеттеме қабылдап жыл аяғына дейін көрсеткішті көтереміздеп сенім білдірді.
Қорытынды: 1.ҰБТ-ге дайындық барысы және сынама тест қорытындысы төменгі деңгейде (оқушылардың)
2.Сынып жетекшілері оқушылардың қатысуын толық қадағаламайды.
3.Ата-ана тарапынан оқушылардың дайындығын қадағалау жоқтң қасы.
Ұсыныс:1.ҰБТ-ге дайындық барысы күшейтілсе
2.Сынып жетекшілері тарапынан оқушылардың қатысуын бақылауда ұстаса
3.Сынып жетекшілерімен пән мұғалімдері ата-анамен байланысы күшейтіліп жұмыстар жүргізілсе
Дайындаған: Ш.Сапаров
30.03.2015 жыл