11
сентябрь
2020
Ә. Әбутәліпов атындағы №209 жалпы орта мектебінің бастауыш пәнінің мұғалімі Заманова Жадыра ауданымыздағы "Жаңақорған тынысы" баспасының тілшісі Майра Ғаниевамен кездесіп, сұхбат берген болатын. Елімізде болып жатқан төтенше жағдай кезіндегі
Ә. Әбутәліпов атындағы №209 жалпы орта мектебінің бастауыш пәнінің мұғалімі
Заманова Жадыра ауданымыздағы "Жаңақорған тынысы" баспасының тілшісі Майра Ғаниевамен кездесіп, сұхбат берген болатын.
Елімізде болып жатқан төтенше жағдай кезіндегі білім беру ұйымдарындағы басты мәселе қашықтықтан оқытуда бастауыш сынып оқушыларына,ата-аналарына және мұғалімдеріне оңай соқпай тұрғанын, оқу мен жазуды,есеп-қисапты енді меңгеріп келе жатқан жас бүлдіршіндер үшін қиындық туғызып жатқандығы рас. Қашықтықтан оқу кезіндегі тағы бір ерекшелік мінезі томаға тұйық, білетінін ашық айта алмайтын оқушылар үшін жақсы мүмкіндік болса, кейбір оқушылар үшін ақпараттық технологияны жақсы меңгеруге мүмкіндіктер туды. Сұхбат соңында Жадыра апай: "Ұстаз болу бала күнгі арманым еді.Қиындығымен қызығы қатар жүретін осы ұстаздық жолын таңдағаныма өкінбеймін" деп өз сұхбатын аяқтаған болатын.