11
январь
2020
Рухани жаңғыру болашаққа бағдар жолы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Түгіскен ауылы #209 Ә. Әбутәліпов атындағы орта мектепте "Құндылыққа бағдар: тәрбие үдерісіндегі инновация" атты облыстық семинар болып өтті. Мақсат : "Рухани жаңғыру болашаққа бағдар жол" бағдарламалық мақаланың идеясы аясында Қазақстандық патриотизмге, азаматшылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу болатын. Облыстық білім басқармасының жоспарлауымен жүргізілген жұмыстар өз дәрежесінде өтті. Тәрбие санасы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға келген қонақтар дән риза болды.