номатив құжаттар
«Бекітемін»
мектеп директоры:
Л.Усенбекова
Педагогикалық кеңесте талданды.
ХАТТАМА №1 29.08.2019 ж
«Ә.Әбутәліпов атындағы №209 жалпы орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің үйден оқытуға 2019-2020 оқу жылына арналған ЖҰМЫСТЫҚ ОҚУ ЖОСПАРЫ
ТҮСІНІК ХАТ
Ә.Әбутәліпов атындағы №209 cредняя школатің 2019-2020 оқу жылына арналған жұмыстық оқу жоспары Жаһандық өзгерістер мен әлемдік трендтер мектептегі білім беру мазмұнының жылдам қарқында жаңаруын талап етеді.2019-2020 оқу жылында жаңартылған білім мазмұнына
Үйде оқыту процесінің нормативті-құқықтық негіздері
Қазақстандық білім беру жүйесінде денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балалар үшін үйде жеке тегін оқыту қарастырылады.
Үйде жеке тегін оқытуға «Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 321 бұйрығына сәйкес үйде оқыту мерзімі көрсетілген баланың денсаулық жағдайы туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы негіз болып табылады. Баланың сырқатына байланысты қорытындыда көрсетілген үйде оқыту мерзімі бір айдан оқу жылының соңына дейін болуы мүмкін.
Мүгедектік тағайындалған жағдайда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларының» №12 қосымшасына сәйкес формада мүгедектік туралы анықтама беріледі.
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру жергілікті ұйымдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызмет ретіндегі үйде жеке тегін оқыту Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 174 бұйрығымен бекітілген «Арнайы білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарымен» (бұдан әрі - Стандарт) реттеледі. Берілген стандарт «үйде жеке тегін оқыту» қызметін алу тәртібін анықтайды және бірнеше кезекті кезеңдерді қарастырады.
Үй жағдайында мүгедек балаларды оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мен қаржылық шығындар бойынша есеп беру «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығының «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» 25-қосымшасына және «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау және төлеу туралы есеп» 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 28 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Үйде оқытуды ұйымдастыру бойынша жалпы сұрақтар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген «Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидаларында» (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) білім беру ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастыру оқу жоспарының негізінде құрылады, жылдық күнтізбелік жұмыс оқу кестесімен және сабақтар кестесімен регламенттелетіні айтылған. Сондай-ақ білім алушылардың, тәрбиеленушілердің оқу жүктемесі, сабақтар режимі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, санитариялық қағидалар, гигиеналық нормативтер, оқу жоспарлары мен денсаулық сақтау және білім беру органдарының ұсынымдары негізінде дайындалған білім беру ұйымдары бекітетін ережелермен айқындалады.
Үйде жеке тегін оқытудың үлгілік оқу жоспарлары Білім салалары және оқу пәндері, апталық оқу жүктемесі немесе сыныптар бойынша аптадағы сағат саны білім беру деңгейлері бойынша үйде жеке тегін оқытудың Үлгілік оқу жоспарымен (бұдан әрі - ҮОЖ) белгіленеді.
Қазіргі таңда жаңартылған мазмұндағы білім беруге көшуге байланысты МОН РК бұйрығымен бекітілген үйде жеке тегін оқытудың келесі ҮОЖ-лар әрекет етеді:
− бастауыш білім беру деңгейі үшін 2014 жылғы 25 ақпандағы № 61 (1-қосымша) және 2016 жылғы 30 наурыздағы №233 (4-қосымша);
− негізгі орта білім беру деңгейі үшін 2014 жылғы 25 ақпандағы № 61 (3-қосымша) және 2016 жылғы 7 шілдедегі №432 (4-қосымша);
− жалпы орта білім беру деңгейі үшін 2014 жылғы 25 ақпандағы № 61 (1-қосымша).
Бастауыш білім беру деңгейі үшін жаңартылған мазмұндағы үйде жеке тегін оқытудың ҮОЖ (МОН РК 2016 жылғы 30 наурыздағы №233 бұйрығының 4-қосымшасы) 1-сыныптар үшін 2016 жылдың 1-қыркүйегінен, 2-сыныптар үшін 2017 жылдың 1-қыркүйегінен, 3-сыныптар үшін 2018 жылдың 1-қыркүйегінен, 4-сыныптар үшін 2019 жылдың 1-қыркүйегінен бастап әрекет етеді және ол үш білім саласынан құралады: «Тіл және әдебиет», «Математика және информатика», «Жаратылыстану». Сонымен қатар, ҮОЖ бастауыш білім беру деңгейі үшін жалпы білім беретін оқу пәндерінің қатарында анықтайды:
«Сауат ашу», «Қазақ (немесе орыс) тілі» (оқу тіліне қарай), «Әдебиеттік оқу», «Орыс (немесе қазақ) тілі» (бұл жерде Т2), «Ағылшын тілі», «Математика», «Информациятық-коммуникациялық технологиялар», «Жаратылыстану» және қажет болған жағдайда түзету сабақтары.
Орта білім беру деңгейі үшін жаңартылған мазмұндағы үйде жеке тегін оқытудың ҮОЖ (ҚР БҒМ 2016 жылғы 7 шілдедегі №432 бұйрығының 4-қосымшасы) 5,7 - сыныптар үшін 2017 жылдың 1-қыркүйегінен, 6,8 - сыныптар үшін 2018 жылдың 1-қыркүйегінен, 9 (10) - сыныптар үшін 2019 жылдың 1-қыркүйегінен бастап әрекет етеді. ҮОЖ бойынша негізгі орта білім беру деңгейінің оқу пәндерін біріктіретін төрт білім салалары айқындалған: «Тіл және әдебиет», «Математика және информатика», «Жаратылыстану» және «Адам және қоғам». Қажет болған жағдайда үйде оқытылатын 5-10 сынып оқушылары үшін психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінде және оңалту орталықтарында белгіленген тәртіп бойынша түзету көмегі көрсетіледі. Орта білім берудің барлық деңгейлеріндегі (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) ҮОЖ бойынша оқушының жеке мүмкіндіктері мен мұқтаждығына қарай сағаттардың орындарын ауыстыруға және дәрігердің келісуімен мектепте өтетін кейбір сабақтарға қатысуға болатындығын ескерген жөн.
Үлгілік қағидалардың 20-тармағына сәйкес жалпы білім беру ұйымдары әрекеттегі ҮОЖ негізінде үйде білім алушы үшін жеке «оқу жұмыс жоспарларын» әзірлейді. Балаларды үйде оқытатын жалпы білім беретін мектептердің тәжірибесі бойынша жеке оқу жұмыс жоспары әрбір білімалушыға бөлек, оның жеке және психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленетінін көрсетті. Сондай-ақ жеке оқу жоспарын әзірлеуде мектептегі кейбір сабақтарға қатысу,вариативті компонентті таңдау туралы және т.с.с. сұрақтарға қатысты білім алушы мен оның ата-анасының (немесе заңды өкілдерінің) өтініштерін ескеру ұсынылады. Үйде оқытудың жеке оқу жұмыс жоспары жарты жылға немесе бір оқу жылына әзірленеді және педагогикалық кеңес шешімімен қабылданып, ата-анасының (немесе заңды өкілдерінің) келісімімен білім беру ұйымының басшысымен бекітіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының негізге алынды.
2019-2020 оқу жылының бастауыш саты бойынша жұмыстық оқу жоспарына ТҮСІНІК ХАТ.
Бастауыш сатының жұмыстық оқу жоспары 1 бөлімнен тұрады:Инварианттық компонент.Білім беру сатысы білім саласы арқылы берілген: инвариантты компоненті 4 білім салаларынан тұрады: «Тіл және Әдебиет», «Математика және информатика», «Жаратылыстану», «Адам және қоғам. «Тіл және әдебиет», білім саласына Сауат ашу,қазақ тілі,әдебиеттік оқу,ағылшын тілі,огрыс тілі пәндері кіреді. «Математика» білім саласына математика,Информациятық - коммуникациялық технологиялар пәндері кіреді. «Жаратылыстану»білім саласына Жаратылыстану пәндері кіреді. «Адам және қоғам»білім саласына дүниетанупәндері кіреді.
Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін үйде жеке тегін (арнайы оқу бағдарламалар бойынша) оқытатын бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспары
№ | Білім беру салалары және оқу пәндері | Сыныптар бойынша апталық сағат саны | |||
1 | 2 | 3 | 4 | ||
Инварианттық компонент | |||||
I | Тіл және әдебиет | 3 | 3 | 3 | 3 |
1 | Сауат ашу | 2 | - | - | - |
2 | Қазақ тілі | - | 1 | 1 | 1 |
3 | Әдебиеттік оқу | - | 1 | 1 | 1 |
4 | Орыс тілі (Т2) | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 0,5 |
5 | Ағылшын тілі | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 0,5 |
II | Математика және информатика | 2 | 2 | 2 | 2 |
6 | Математика | 2 | 2 | 1,5 | 1,5 |
7 | Информациятық-коммуникациялық технологиялар | - | - | 0,5 | 0,5 |
III | Жаратылыстану | 1 | 1 | 1 | 1 |
8 | Жаратылыстану | 1 | 1 | 1 | 1 |
Инварианттық оқу жүктемесі | 6 | 6 | 6 | 6 | |
Оқу жүктемесінің жоғарғы шекті көлемі | 6 | 6 | 6 | 6 | |
Вариативтік компонент | |||||
Түзету сабақтары (қажет жағдайда) | 2 | 2 | 2 | 2 | |
Ескерту: Білім алушының жеке мүмкіндіктері мен мұқтаждығына қарай сағаттардың орындарын ауыстыруға және дәрігердің келісуімен мектепте өткізілетін сабақтарға қатысуға болады. |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрығына 49-қосымша 73-қосымша |
№ | Оқу пәндері | Сыныптар бойынша апталық сағаттар саны | Жалпы жүктеме | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | Апталық | Жылдық | ||
Инварианттық компонент | |||||||
I | Тіл және әдебиет | 7 | 8 | 8 | 8 | 31 | 1047 |
1 | Сауат ашу | 3 | - | - | - | 3 | 99 |
2 | Қазақ тілі | - | 2 | 2 | 2 | 6 | 204 |
3 | Әдебиеттік оқу | - | 2 | 2 | 2 | 6 | 204 |
4 | Орыс тілі (Я2) | 2 | 2 | 2 | 2 | 8 | 270 |
5 | Шетел тілі | 2 | 2 | 2 | 2 | 8 | 270 |
II | Математика және информатика | 3,5 | 4 | 4 | 4 | 15,5 | 523,5 |
6 | Математика | 3 | 3 | 3 | 3 | 12 | 405 |
7 | Информациятық - коммуникациялық технологиялар | 0,5 | 1 | 1 | 1 | 3,5 | 118,5 |
III | Жаратылыстану | 1 | 1 | 1 | 1 | 4 | 135 |
8 | Жаратылыстану | 1 | 1 | 1 | 1 | 4 | 135 |
IV | Адам және қоғам | 1 | 1 | 1 | 1 | 4 | 135 |
9 | Дүниетану | 1 | 1 | 1 | 1 | 4 | 135 |
Инварианттық оқу жүктемесі | 12,5 | 14 | 14 | 14 | 54,5 | 1840,5 | |
Оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі | 12,5 | 14 | 14 | 14 | 54,5 | 1840,5 |
2019-2020 оқу жылының Негізгі саты бойынша жұмыстық оқу жоспарына ТҮСІНІК ХАТ.
Негізгі сатының жұмыстық оқу жоспары 1 бөлімнен тұрады:Инварианттық компонент.Білім беру сатысы білім саласы арқылы берілген: инвариантты компоненті 4 білім салаларынан тұрады: «Тіл және Әдебиет», «Математика және информатика», «Жаратылыстану», «Адам және қоғам әрбір білім саласы бірнеше пәнді қамтиды. «Тіл және әдебиет» қазақ тілі,қазақ әдебиеті оқу,ағылшын тілі,огрыс тілі білім саласына пәндері кіреді. «Математика» білім саласына математика,алгебра,геометрия,информатика пәндері кіреді. «Жаратылыстану»білім саласына жаратылыстану,физика,химия,биология,география пәндері кіреді. «Адам және қоғам»білім саласына қазақстан тарихы,дүние жүзі тарихы,құқық негіздері пәндері кіреді
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрығына 51-қосымша 75-қосымша |
№ | Оқу пәндері | Сыныптар бойынша апталық сағаттар саны | Жалпы жүктеме | |||||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | Апталық | Жылдық | ||
Инварианттық компонент | ||||||||
I | Тіл және әдебиет | 8 | 8 | 8 | 8 | 8 | 40 | 1360 |
1 | Қазақ тілі | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 10 | 340 |
2 | Қазақ әдебиеті | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 10 | 340 |
3 | Орыс тілі және әдебиеті | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 10 | 340 |
4 | Шетел тілі | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 10 | 340 |
II | Математика және информатика | 4 | 4 | 4 | 4 | 4 | 20 | 680 |
5 | Математика | 3 | 3 | - | - | - | 6 | 204 |
6 | Алгебра | - | - | 2 | 2 | 2 | 6 | 204 |
7 | Геометрия | - | - | 1 | 1 | 1 | 3 | 102 |
8 | Информатика | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 5 | 170 |
III | Жаратылыстану | 1 | 1 | 4 | 4 | 4 | 14 | 476 |
9 | Жаратылыстану | 1 | 1 | - | - | - | 2 | 68 |
10 | Физика | - | - | 1 | 1 | 1 | 3 | 102 |
11 | Химия | - | - | 1 | 1 | 1 | 3 | 102 |
12 | Биология | - | - | 1 | 1 | 1 | 3 | 102 |
13 | География | - | - | 1 | 1 | 1 | 3 | 102 |
IV | Адам және қоғам | 2 | 2 | 2 | 2 | 3 | 11 | 374 |
14 | Қазақстан тарихы | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 5 | 170 |
15 | Дүниежүзі тарихы | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 5 | 170 |
16 | Құқық негіздері | - | - | - | - | 1 | 1 | 34 |
Инварианттық оқу жүктемесі | 15 | 15 | 18 | 18 | 19 | 85 | 2890 | |
Оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі | 15 | 15 | 18 | 18 | 19 | 85 | 2890 |
Негізгі сатының жұмыстық оқу жоспары 2 бөлімнен тұрады:Инварианттық және Түзетуші компонент.Білім беру сатысы білім саласы арқылы берілген: инвариантты компоненті 5 білім салаларынан тұрады: «Тіл және Әдебиет», «Математика және информатика», «Жаратылыстану», «Адам және қоғам», «Технология және Өнер» әрбір білім саласы бірнеше пәнді қамтиды. «Тіл және әдебиет», білім саласына «Оқу,жазу және сөйлеуді дамыту» пәндері кіреді. «Математика» білім саласына «Есеп»пәндері кіреді. «Жаратылыстану»білім саласына «Қоршаған әлем» пәндері кіреді. «Адам және қоғам»білім саласына «Адам және әлем»пәндері кіреді. «Технология және Өнер» білім саласына «Сурет салу» «Шаруашылық еңбек», «Әлеуметтік тұрмыстық бағытталу»пәндері. Түзетуші компонентіне білім саласына Психомоториктерді және сенсорлы үрдістерді дамыту пәні кіреді.
Ескерту. 6-6-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы және тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.09.2018 № 441 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Бұйрықты 6-6-қосымшамен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 07.07.2016 № 432 (01.09.2017 бастап 5, 7 сыныптар үшін, 01.09.2018 бастап 6, 8-сыныптар үшін, 01.09.2019 бастап 9 (10) сыныптар үшін қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 04.09.2018 № 441 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
Қазақ тілінде негізгі орта жеке тегін үйде (арнайы оқу бағдарламалар бойынша) оқытудың үлгілік оқу жоспары | |||||||
№ | Білім беру салалары және оқу пәндері | Сыныптар бойынша апталық сағат саны | |||||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | ||
Инварианттық компонент | |||||||
I | Тіл және әдебиет | 4 | 4 | 4 | 4 | 4 | 4 |
1 | Қазақ тілі | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
2 | Қазақ әдебиеті | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
3 | Орыс тілі мен әдебиеті | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
4 | Ағылшын тілі | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
II | Математика және информатика | 4 | 4 | 3 | 3 | 3 | 3 |
5 | Математика | 4 | 4 | - | - | - | - |
6 | Алгебра | - | - | 2 | 2 | 2 | 2 |
7 | Геометрия | - | - | 1 | 1 | 1 | 1 |
III | Жаратылыстану | 1 | 1 | 2 | 2 | 2 | 2 |
8 | Жаратылыстану | 1 | 1 | - | - | - | - |
9 | География | - | - | 0.5 | 0,5 | 0,5 | 0,5 |
10 | Биология | - | - | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 0,5 |
11 | Физика | - | - | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 0,5 |
12 | Химия | - | - | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 0,5 |
IV | Адам және қоғам | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
13 | Қазақстан тарихы | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 0,5 |
14 | Дүниежүзі тарихы | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 0,5 |
Инварианттық оқу жүктемесі | 10 | 10 | 10 | 10 | 10 | 10 | |
Оқу жүктемесінің жоғарғы шекті көлемі | 10 | 10 | 10 | 10 | 10 | 10 | |
Ескерту: |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 7 шілдедегі № 432 бұйрығына 4-қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы
№ 61 бұйрығына 3-қосымша
Үй жағдайында қазақ тілінде тегін түрде жекелік негізгі білім берудің типтік жоспары
Орташа ақыл-ой қалықтығы шектеулі оқушылар | ||||||
№ | Білім беру салалары және оқу пәндері | Сыныптар бойынша апталық сағаттар саны | ||||
| 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | |
I | Тіл және әдебиет | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 |
1 | Оқу, жазу және сөйлеуді дамыту | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 |
II | Математика | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 |
2 | Есеп | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 |
ІІІ | Жаратылыстану | 2 | - | - | - | - |
3 | Қоршаған әлем | 2 | - | - | - | - |
IV | Адам және қоғам | - | 2 | 2 | 2 | 2 |
4 | Адам және әлем | - | 2 | 2 | 2 | 2 |
V | Технология және өнер | 3 | 3 | 3 | 3 | 3 |
5 | Сурет салу | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
6 | Шаруашылылық еңбек | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
7 | Әлеуметтік-тұрмыстық бағытталу | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
| Инвариативті оқу жүктемесі | 9 | 9 | 9 | 9 | 9 |
Түзетуші компонент | ||||||
| Психомоториктерді және сенсорлы үрдістерді дамыту | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
Оқу жүктемесінің ауқымды көлемі | 10 | 10 | 10 | 10 | 10 | |
Ақыл-ой дамуы қалық оқушылардан МОЖС орындауы талап етілмейді. Пәндер арасында сағаттарды бөлу және мектептегі жеке пәндерге қатысуға жол беріледі. |
Орындаған:Ш.Сапаров